Қазақстанда 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп белгіленуі – қоғамның өндірістік және әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарына жасалған үлкен құрметтің көрінісі. Жұмысшы мамандықтары – кез келген мемлекеттің экономикалық қуаты мен тұрақтылығының негізін құрайтын басты тіректердің бірі.
Бұл жыл аясында техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, өндіріс саласындағы заманауи талаптарға сәйкес кадрлар даярлау басты міндеттердің қатарында тұр. Жастарды еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы беделін арттыру бағытында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жұмысшы – адал еңбегімен ел игілігін жасап, қоғамның дамуына серпін беретін тұлға. Сондықтан «Жұмысшы мамандықтар жылы» тек кәсіби мерейлі оқиға ғана емес, ол – еңбек адамына деген шынайы құрмет пен келешекке деген сенімді қадам.
Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
КММ директоры