2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп айқындау – мемлекет тарапынан еңбек адамына, қарапайым жұмысшыға көрсетілген ерекше құрметтің белгісі. Бұл бастама өндіріс орындарында, құрылыс алаңдарында, ауыл шаруашылығында және басқа да салада адал еңбек етіп жүрген мыңдаған азаматтың еңбегін бағалауға бағытталған.
Жыл бойы жұмысшы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеру, жас буынды еңбекке баулу және кәсіби-техникалық білім беру жүйесін дамыту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, жаңа технологияларды игерген білікті мамандардың тәжірибесін тарату, үздік еңбек үлгілерін насихаттау көзделген.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – бұл тек біржылдық шара емес, елдің тұрақты дамуы мен индустриялық әлеуетін нығайтуға ықпал ететін маңызды қадам. Еңбек адамын дәріптеу – қоғамның болашағын нығайту деген сөз.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері