Еңбек – адам өмірінің негізі, ал жұмысшы мамандықтары – сол еңбектің тірегі. Қазіргі замандағы күрделі әрі тез өзгеретін әлемде жұмысшы мамандарының орны ерекше. Олар – өндірістің жүрегі, еліміздің дамуының негізін қалаушы күш.
Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл тек құрмет пен мадақтау жылы ғана емес, сонымен бірге осы саладағы кәсіби шеберлікті, жауапкершілікті және еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл жыл жастарды еңбекке баулу, олардың мамандыққа деген қызығушылығын ояту үшін үлкен мүмкіндік.
Еңбек адамды ғана емес, қоғамды да дамытады. Әрбір жұмысшы өз ісінің шебері бола отырып, өз үлесін қосады. Олардың қажырлы еңбегі – өндірісті өркендетіп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға жол ашады.
Жұмысшы мамандықтар жылы – бұл қоғамдағы еңбекті жоғары бағалап, еңбек адамының мәртебесін арттырудың белгісі. Еңбек – бұл құрмет пен жауапкершілік, ал жұмысшы – сол еңбектің лайықты құрметтелетін тұлғасы.
Ерсін Нүркен Аманғазыұлы
Қалалық ТИК төрағасы