2025 жыл – Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы тегін емес. Бұл – күнделікті тынымсыз еңбегімен ел экономикасын алға сүйреп жүрген қарапайым еңбек адамдарына көрсетілген үлкен құрмет.
Дәнекерлеуші, құрылысшы, механик, шахтер, жүргізуші, электрик, наубайшы, тігінші – осындай маман иелері біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі. Олар – қолымен еңбек етіп, жүрегімен қызмет ететін жандар.
Бүгінгі таңда жұмысшы мамандықтар – сұранысқа ие, құрметті, және болашағы бар бағыт. Жастар арасында еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастырып, нағыз маман болуға ұмтылу – ортақ міндетіміз.
М.Жуманбаева ,Қаражал қ. Ардагерлер кеңесінің төрайымы, қалалық аналар кеңесінің мүшесі, 2025 ж.