«Жұмысшы мамандықтар – өркендеудің өлшемі»

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануы – еңбек адамының мәртебесін көтеріп, қоғамда адал еңбектің қадірін айқындауға бағытталған үлкен қадам.

Жұмысшы – экономиканың жүрегі. Қай салаға қарасақ та, өндірістен бастап ауыл шаруашылығына дейін, құрылыс пен қызмет көрсету саласына дейін – барлығы жұмысшы еңбегіне сүйенеді. Оларсыз жаңа зауыт тұрғызу да, ауылға өнім жеткізу де, қаланы көркейту де мүмкін емес.

Бұл жыл аясында кәсіби білім беруді жетілдіру, жас мамандарды қолдау, еңбек әулеттерінің дәстүрін насихаттау және озық жұмысшыны қоғамға үлгі ету – басты бағыт болып отыр. Бұл шаралар жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың болашаққа деген сенімін нығайтады.

Жұмысшы мамандығы – тек кәсіп емес, ол елдің дамуына қосқан өлшеусіз үлес, тұрақтылықтың және өркендеудің кепілі.

 

Сагинтаева Гульнар Сапаровна

Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры