Қазіргі заманда кез келген елдің тұрақты дамуы – сапалы еңбек ресурсына тікелей байланысты. Бұл тұрғыда жұмысшы мамандықтарының рөлі орасан. Өндіріс, құрылыс, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы сияқты стратегиялық салаларда еңбек етіп жүрген жұмысшыларсыз ел экономикасының толыққанды жұмыс істеуі мүмкін емес.
Жұмысшы мамандықтарының ерекшелігі – нақты тәжірибе мен дағдыға негізделген. Бұл салада біліммен қатар төзімділік, жауапкершілік және шеберлік басты орын алады. Жоғары технология дамығанымен, адам қолының еңбегі мен кәсіби шеберлігіне деген сұраныс азаймақ емес.
Мамандық таңдаудағы бетбұрысты кезеңде жастардың жұмысшы кәсібіне бет бұруы маңызды. Бұл бағытта кәсіптік білім берудің сапасын арттырып, жұмысшы мәртебесін көтеру — мемлекет деңгейіндегі басым бағыт болуы тиіс.
Жұмысшы — жай ғана маман емес. Ол — экономиканың тірегі, ел дамуының қозғаушы күші.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері