Жұмысшы еңбегін дәріптеу – ұлттық құндылықты көтеру

Қоғамның ілгері дамуы ең алдымен еңбекке сүйенеді. Әрбір зауыттағы жұмысшы, құрылыс алаңындағы дәнекерлеуші, жолдағы жүргізуші немесе кен орнындағы шахтер – ел экономикасының нақты қозғаушы күші. Сондықтан жұмысшы еңбегін дәріптеу – тек әлеуметтік мәселе емес, ұлттық құндылық деңгейіне көтерілетін міндет.

Еңбектің қадірін түсінген ел ғана тұрақты дамуға қол жеткізеді. Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан кәсіби-техникалық білімге қолдау көрсетіліп, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған түрлі бағдарламалар іске асуда. Мұның барлығы жастарды еңбекке баулып, қоғамдағы шынайы құндылықтарға жетелеудің бір жолы.

Жұмысшы еңбегін құрметтеу – ұрпақ санасына адалдық пен еңбекқорлықты сіңіру. Бұл – болашаққа қалдырар ең асыл мұра. Өйткені еңбекті дәріптеу арқылы біз елдің дамуына ғана емес, қоғамдағы ынтымақ пен тұрақтылыққа да жол ашамыз.

 

Жуманбаева Мереке Рахимбаевна

Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы