2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланып, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін көтеру ісіне жаңа серпін берді. Бұл бастама – ел дамуының негізгі күші саналатын қарапайым жұмысшыларға деген құрметтің айқын белгісі.
Жұмысшы мамандықтары – тек өндірістің тірегі ғана емес, қоғамның дамуына дем беретін басты арна. Зауыттағы инженерден бастап, құрылыс алаңындағы тас қалаушыға дейін, шахтерден бастап ауыл шаруашылығындағы еңбеккерлерге дейін – барлығы елдің тұрақты дамуы жолында аянбай тер төгуде.
Мемлекет жастарды еңбекке баулып, жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыруға ерекше мән беруде. Бұл – еңбек нарығындағы сұранысты қамтамасыз етіп қана қоймай, жас ұрпақтың болашаққа сеніммен қадам басуына мүмкіндік береді.
«Жұмысшы еңбегі – қоғам өркендеуінің алтын арқауы» деген қағида әрбір азаматтың санасында берік орнығуы тиіс.
Сатжанова Мөлдір Болатовна
«Жәйрем даму» Корпоративтік қорының
Спорт федерациясының басшысы
