Қоғамның ілгері дамуы мен елдің экономикалық тұрақтылығы ең алдымен еңбек адамдарының тынымсыз еңбегіне байланысты. Өндіріс орындарында, құрылыс алаңдарында, шахталар мен зауыттарда тер төгіп жүрген жұмысшылар – мемлекет дамуының нағыз қозғаушы күші. Олардың адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі ел игілігі мен халық әл-ауқатының артуына зор үлес қосуда.
Жұмысшы мамандықтар жылы – қарапайым еңбек адамдарына деген құрметті арттырып, олардың қоғамдағы беделін көтеруге бағытталған маңызды бастама. Бұл жыл еңбек адамдарының еңбегін дәріптеу арқылы жастар арасында жұмысшы кәсіптерге деген қызығушылықты арттыруды, мамандықтың қадірін түсінуді мақсат етеді.
Бүгінгі таңда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуында жұмысшы кадрлардың орны ерекше. Қол еңбегін ерен іспен ұштастыра білген, кәсібін мақтаныш көретін азаматтар елдің өндірістік қуатын еселеп, қоғамның берекесін арттыруда. Әрбір жұмысшының маңдай тері мен табандылығы – елдің экономикалық өсімінің, әлеуметтік тұрақтылықтың және өмір сапасының кепілі.
Жұмысшы еңбегін қадірлеу – ұлттың рухани мәдениетінің бір бөлігі. Себебі еңбек адамын құрметтеу – еңбектің қасиетін ұғыну, адалдық пен жауапкершілікке баулу. Әрбір жас ұрпақ еңбекқорлықты өмірлік қағида етіп қабылдағанда ғана қоғам өркендеп, мемлекет еңсесін тіктей алады.
Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
«Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі»
КММ директоры