Жұмыс пысықталып, міндеттер жүктелді

Көктем мезгілі жақындаған сайын төтенше жағдайлардың орын алу ықтималдығы да арта түсетіні белгілі. Енді бірер аптадан кейін жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы туады. Бұл әсіресе, мұз үстінде аса қауіпті кезең.

Жуырда Қаражал қаласы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау майоры Жамбыл Оразалиев Қылыш су қоймасының әкімшілік «М.Т.Уксукбаев» жеке кәсіпкерлігі қызметкерлерімен профилактикалық шара өткізді. Шара барысында «Мұзда адамның болуының негізгі қауіпсіздік жағдайлары», «Мұз үстіндегі қозғалыс ережелері», «Балық аулау барысындағы қауіпсіздік шаралары» деген тақырыптарда әңгіме қозғалып, жұмыстың барысы пысықталып, нақтылы тапсырмалар берілді.
Шара барысында сондай-ақ, 2024 жылдың өрт қауіпті маусымының тәуекелдерін төмендету мақсатында су қоймасының ауласындағы қамысты шабу бойынша жұмыстарды атқару қажет екендігі де айтылды. Осы орайда тиісті жадынамалар таратылып, ақпараттық хат табысталды.

Ізбасар ОЙБАС.