Кентімізде халыққа арналып қаншама мәдени, спорттық іс-шара өту қалыпты жағдай болғанымен, жергілікті халықтың асыға күтіп, сүйсіне қатысатын керемет спорттық ауқымды шарасы — жалпыкенттік спартакиада бүгін өзінің жетінші рет шымылдығын жапты. Үш айға созылған керемет доданың басты демеушісі – «Казцинк» компаниясы, өткізуші – «Жәйрем Спорт клубы» қоғамдық бірлестігі.
Спортқа жаны құмар жәйремдіктерден құралған 12 команда спорттың 15 түрінен, нақтырақ айтсақ, ерлер арасындағы арқан тартыс, әйелдер арасындағы арқан тартыс, кір тасын көтеру, жеңіл атлетика, шағын футбол, әйелдер арасындағы қол күрес, ерлер арасындағы қол күрес, баскетбол, стол теннисі, үлкен теннис, стол үстілік ойындар, қазақша күрес, ерлер арасындағы волейбол, әйелдер арасындағы волейбол және ұлттық ойындар бойынша үш ай бойы жарысты.
Салтанатты шараның шымылдығы мемлекетіміздің Әнұранымен ашылып, Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов, «Жәйрем кен байыту комбинаты» АҚ Басқарма төрағасы Еркебұлан Қуандықов, Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Мүбәрак Кәрібаев, «Жәйрем кен байыту комбинаты» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Алексей Бурковский барлық спортшыларға деген шынайы ақ тілектерін жеткізді.
Кент әкімі Қайрат Жансағымов осы үш айлық додада спорттық сайыстардың әділ де талапқа сай өтуіне төрелік еткен төрешілер Алмас Махажанов, Әсел Сайлауханова, Тимур Ермекбаев, Нұрқас Еділбаев, Аида Кабезова, Нұрайна Жүсіпбекова, Айдана Рахимова, Назерке Кенжебаева, Әлібек Қайырбеков, Олжас Нұрділда және алғашқы медициналық көмек беруші Береке Сейталиевке Алғыс хат табыстады.
Әрі қарай спорттың әр түрінен жеңіске жеткен командаларға ақшалай сыйақылар, кубоктар, медальдар мен Алғыс хаттар берілді. Бірнеше ай бойы жарысқан спортшылар өз деңгейлері бойынша әр спорт түрінен орындарды былайша бөлісті.
Жарыс қорытындылары:
-
Жеңіл атлетика: І орын – «Жәйрем кенті әкімдігі» ММ, «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер» командасы; ІІ орын – «Аурухана», «ТемірЖолЦехы» командасы; ІІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты» (Арландар).
-
Ерлер волейболы: І орын – «Полиметалл кен байыту фабрикасы» №1 командасы; ІІ орын – «Басқарма», «Жәйрем кеніші» командасы; ІІІ орын – «Аурухана», «ТемірЖолЦехы».
-
Әйелдер волейболы: І орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты» (Арландар); ІІ орын – «Марганец Жәйрем» ЖШС, «Ажар» бөбекжайы; ІІІ орын – «Аурухана», «ТемірЖолЦехы».
-
Арқан тартыс (ерлер): І орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма»; ІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІІ орын – «ТехЭкспертСервис», «Техникалық жөндеу және қызмет көрсету басқармасы» (УТОиР).
-
Арқан тартыс (әйелдер): І орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІ орын – «Полиметалл фабрикасы» №1 командасы; ІІІ орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма».
-
Кір тасын көтеру: І орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІ орын – «Полиция», «Мектептер»; ІІІ орын – «Полиметалл фабрикасы» №1 командасы.
-
Қазақ күресі: І орын – «Жәйрем кенті әкімдігі» ММ, «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер»; ІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІІ орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма».
-
Баскетбол: І орын – «Полиметалл фабрикасы» №1; ІІ орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма»; ІІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты».
-
Ұлттық ойындар: І орын – «Марганец Жәйрем» ЖШС, «Ажар» бөбекжайы; ІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІІ орын – «Жәйрем кенті әкімдігі» ММ, «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер».
-
Шағын футбол: І орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма»; ІІ орын – «Полиметалл фабрикасы» №1; ІІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты».
-
Үлкен теннис: І орын – «Полиметалл фабрикасы» №1; ІІ орын – «Жәйрем кенті әкімдігі» ММ, «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер»; ІІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты».
-
Қол күрес (ерлер): І орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты»; ІІ орын – «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер»; ІІІ орын – «Жәйрем кенті әкімдігі», «Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер».
-
Қол күрес (әйелдер): І орын – «Полиметалл фабрикасы» №1; ІІ орын – «ТехЭкспертСервис», «УТОиР»; ІІІ орын – «Жәйрем кенті әкімдігі» ММ, «Жәйрем Болашақ» КМҚК, «Мердігерлер».
-
Үстел ойындары (шахмат, шашки, тоғызқұмалақ): І орын – «Мектептер» және «Полиция»; ІІ орын – «Жәйрем кеніші», «Басқарма»; ІІІ орын – «Көліктер және Энергия цехтары», «Мешіт жамағаты».
Арнайы номинациялар:
«Ардагер спортшы» – Бағдат Мекебаева,
«Үздік спортсектор» – Сұңғат Досан,
«Белсенді спортшы» – Гүлден Камзина,
«Жауапты спортсектор» – Абзал Әбілов,
«Мықты палуан» – Әлішер Топанов,
«Алтын ракетка» – Қасыбай Хуандаг,
«Батыл спортшы» – Назым Болатқызы,
«Позитивті спортшы» – Әйгерім Үмбетәлі,
«Жігерлі спортшы» – Қуандық Сапарғалиев,
«Болашақ чемпион» – Гүлназ Кәкенова,
«Жас спортшы» – Құрмет Түйтебай,
«Команданың күші» – Нұржан Тілеубергенов,
«Үздік спортшы» – Ердос Хабаров,
«Ең сенімді спортшы» – Мұхамбет Жәнібеков,
«Батылдың батыры» – Абылайхан Айдарлинов.
Жалпы қорытынды:
І орын – «Арландар» командасы,
ІІ орын – «Полиметалл кен байыту фабрикасы» командасы,
ІІІ орын – «Басқарма» және «Жәйрем кеніші» командасы.
Жәйрем кентінде салауатты өмір салтын насихаттайтын осындай игі шаралардың жиі ұйымдастырылуы – жерлестеріміздің бірлігі мен татулығын арттыра түсетіні сөзсіз. Бұл – тек спорт мерекесі ғана емес, сонымен қатар, қоғамды біріктіретін, ортақ құндылықтарды дәріптейтін маңызды оқиға.
Осындай ауқымды спорттық бастамаларға ұйытқы болып, жәйремдік спортсүйер қауымға өз қабілеттерін паш етуге мүмкіндік жасап отырған «Казцинк» компаниясына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жыл сайын асыға күтетін бұл жарыстың жоғары деңгейде өтуіне бар күш-жігерін салып, кәсіби шеберлігін көрсетіп жүрген «Жәйрем Спорт клубы» ҚБ басшысы, самбо күресінен спорт шебері, сондай-ақ, «Өндіріс волонтерлері» тобының белсенді мүшесі Мөлдір Сатжановаға және оның ұйымшыл командасына зор ризашылығымызды білдіреміз.
Олардың еңбегі – Жәйрем жастары үшін үлгі, ал спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру жолындағы еңбектері – бағалауға тұрарлық.
Гауһар НАУРЫЗБАЕВА
