Жәйрем кентінде тағам дайындау бойынша шеберлік сағаты өтті

Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығында Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде тағам дайындау бойынша шеберлік сағаты (мастер-класс) ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, әйелдердің қоғамдық өмірдегі рөлін арттыру, сондай-ақ пайдалы тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.

Шеберлік сағаты барысында қатысушылар тағам дайындаудың заманауи әдістерімен танысып, өзара тәжірибе бөлісті. Іс-шараға кенттегі мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері, әйелдер қауымының мүшелері, сондай-ақ әлеуметтік осал топқа жататын аналар белсене қатысты.

Мастер-класс қатысушыларға оң көңіл-күй сыйлап, өзара бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.