Жәйрем кентінде «Ел қорғау – ердің парызы» атты салтанатты шара өтті

Жәйрем кенті әкімдігі мен «Жәйрем кенті мәдени-сауық орталығы» КМҚК-ның ұйымдастыруымен Отан қорғау жолына аттанған жас сарбаздарды әскер қатарына шығарып салуға арналған «Ел қорғау – ердің парызы» атты салтанатты шара өтті.

Іс-шара барысында Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Амангелдіұлы жас сарбаздарға алдағы әскери қызметтеріне сәттілік тілеп, ел алдындағы қасиетті борыштарын абыроймен орындауға шақырды. Сонымен қатар, Қаражал қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, подполковник Арман Рысқалиев те құттықтау сөз сөйлеп, сарбаздарға жігер мен табыс тіледі.

 

Жас сарбаздардың ата-аналары мен жиналған қауым атынан Смаил ақсақал ақ батасын беріп, ұландарға амандық, табандылық және елге абыроймен оралуды тіледі.

 

Салтанатты шара патриоттық рухтағы әндермен жалғасып, жас сарбаздарға ақ жол тілеп, Отанға адал қызмет етуге рух берді.