Ұлытау облысының әкімі мен «Кастинг» акционерлік қоғамы арасында жасалған өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Жәйрем кентінде 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылуда.
Аталған жоба – аймақ тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды әлеуметтік бастамалардың бірі. Құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізіліп, қазіргі уақытта нысан толық аяқталуға жақын. Жақын арада тұрғын үй пайдалануға беріліп, жаңа пәтерлер өз иелеріне табысталады деп күтілуде.
