Жәйрем кентінің 20 көпбалалы отбасына жаңадан бой көтерген үйлердің кілті табысталды. Жалпы кент бойынша 28 пәтердің құрылысы аяқталды. Қалған 8 пәтер иелеріне кілттері жақын күндері табысталатын болады.
Тұрғын үй кезекте тұрған көпбалалы отбасылар үшін арнайы салынған.
Жаңа қоныстанушыларға кілтті кент әкімі Қайрат Жансагимов табыс етті. Тұрғындарды көптен күткен баспана алуларымен құттықтап, оларға жаңа үйде бақыт пен береке тіледі.
“Жедел басқару бөлімі”-нің басшысы — У.Шойманов.