Жәйрем кенті әкімінің 2025 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары бойынша есебі

КЕНТ БЮДЖЕТІ 2025 ЖЫЛДЫҢ 10 АЙЫНА

Қаражал қалалық мәслихаты сессиясының 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы № 241 «2025-2027 жылдарға арналған Жәйрем және Шалғы кенттерінің бюджеті туралы» шешіміне сәйкес 2025 жылға бекітілген кент бюджетіне Қаражал қалалық мәслихаты сессиясының шешімімен 3 рет өзгерту енгізіліп, есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Жәйрем кентінің жалпы бюджеті келесі көлемді құрады:

  1. Кіріс – 1 292 827,0 мың теңге, оның ішінде:

Салық түсімдері: Жоспар – 136 050,0 мың теңге, орындалуы – 109 182,2 мың теңге, жоспар 80,3% орындалды.

Салықтық емес түсімдер (мемлекеттік мүлікті жалға беруден түсетін кірістер және басқа да салықтық емес түсімдер: Жоспар – 3 650,0 мың теңге, орындалуы – 2 319,7 мың теңге, орындалуы 63,6%.

Трансферттердің түсімдері (аудан (қалалық) бюджетінен берілетін трансферттер): Жоспар – 1 153 127,0 мың теңге, орындалуы – 1 020 127,0 мың теңге, жоспар 88,5% орындалды.

Есепті кезеңдегі қаржыландыру жоспарының кірістер бөлігі 88,0% орындалды.

  1. Шығындар – 1 292 827,0 мың теңге, орындалуы – 1 139 158,0 мың теңге, орындалуы 88,1%.

Жәйрем кенті бюджетінің есепті кезеңдегі шығыстары келесідей бағдарламаларға бөлініп, орындалды:

«Қала, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 165 125,0 мың теңге, кассалық орындалуы 111 387,0 мың теңге – 67,5%;

«Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмыстарын қолдау» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 270 494,0 мың теңге, кассалық орындалуы 248 935,0 мың теңге – 92%;

«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 54 093,0 мың теңге, кассалық орындалуы 33 124,0 мың теңге – 61,2%;

«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 347 462,0 мың теңге, кассалық орындалу 310 939,1 мың теңге – 89,5%;

«Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 59 802,0 мың теңге, кассалық орындалуы 52 936,0 мың теңге – 88,5%;

«Аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының борышына қызмет көрсету» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 2 310,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 2 310,0 мың теңге -100 %;

«Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 110 000,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 103 121,0 мың теңге – 93,7%;

«Аудандық маңызы бар қалаларда, Президент тапсырмаларын орындау ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу» бағдарламасы бойынша нақтыланған қаржыландыру жоспары 283 541,0 мың теңге, шығыстардың кассалық орындалуы 276 406,3 мың теңге – 97,5%.

АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫ

Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен ашық конкурс жеңімпазы анықталғанға дейінгі 2 айға мердігер «Айсара» ЖК-мен келісім жасалынды. Сомасы – 11 500 000 теңгені құрады. Келісім-шарт аясында қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстары жергілікті бюджеттен 31 560 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы мердігер «Асылтас» ЖК 29 500 000 теңгеге ұтып алды. 2025 жылдың 1 наурызынан бастап төмендегідей жұмыстар жүргізілді:

  • жолдарды сыпыру және су себу, қар күреу және ықшам аудандардың жолдарын қардан тазалау т.б;

  • жол белгілерін сызу және жол белгілерін ұйғарымға сай орнату, кент көшелерін құмнан, тастан, кездейсоқ қоқыстан тазалау, автокөлік жолдарының бойындағы талдарды қалыпқа сай кесу, аялдамаларды қалыпқа келтіру және күтіп ұстау, т.б. жұмыстар жүргізілді.

Жәйрем кентіндегі автожолды ағымдағы жөндеу (негіздерді дайындау) жұмыстары бойынша бір көзден 15 536 000 теңгеге мердігер «Айсара» ЖК-мен келісім-шарт жасалынды. Келісім-шарт аясында Самал көшесіне жолын тегістеу жұмыстарын жүргізді.

Автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 285 000 000 қаражат бөлінді. Ашық конкурс арқылы мердігер «Арқа құрылыс» ЖШС ұтып алды, сомасы 258 983 000 теңге (мерзімі 20.04-20.06.2025ж.). Келісімшарт аясында 13 көшеге жалпы ұзындығы 4,82 км., 26610м2 орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: переулки ГРЭ, Серпін, Геофизическая, Керуен, Геологическая, Жандосов, Жұбанов, Целинная, Асатов, Қазына, Самал, Самостройка, Ветеранов.

Автокөлік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын техникалық қадағалау жұмыстары бойынша ашық конкурс жарияланып мердігер «ALKHARU GROUP» ЖШС ұтып алды, сомасы 7 115 214 теңге.

АБАТТАНДЫРУ

Балалар ойын алаңдары, жаттығу алаңдары және футбол алаңдарын күтіп ұстау жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мариям» ЖК-мен 13 125 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш мердігер 27 балалар ойын алаңын, 6 жаттығу алаңдарын және 10 спорт, 2 волейбол алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде (мерзімі: жыл бойы).

Саябақтарды, аллеяларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мансур» ЖК-мен 11 607 100 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Келісім-шарт аясында «Жастар», «Жеңіс» саябақтары, «Шаңырақ», «Домбыра», Жәйрем ГРЭ ықшам ауданындағы аллеяларды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізуде (мерзімі: жыл бойы).

Баннерлерді жасау және орнату жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Шахнур» ЖК-мен 3 571 400 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Келісім-шарт аясында 71 баннер шығарып орнату жұмыстары, 14 билбордты сырлау, әктеу, дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде (мерзімі: жыл бойы).

Кіреберіс арканың сметалық құжаттамаларын жасау үшін жергілікті бюджеттен 7 186 000 теңге қаражат бөлінді. Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып конкурс жарияланып, мердігер «Альфа Проект Строй» ЖШС ұтып алды, сомасы 6 467 000 теңге. Аталмыш жұмыс толық аяқталды.

Бағдаршам және бейнекамераларды күтіп ұстау жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мирас» ЖК-мен 5 357 100 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Келісімшарт аясында 64 бейнекамераларды және 2 көше қиылысында орналасқан бағдаршамдарды күтіп ұстау жұмыстарын жүргізеді (мерзімі: жыл бойы).

Қоршауларды орнату жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Кенже» ЖК-мен 15 652 000 теңге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

Алаңдарды абаттандыру жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 156 900 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс жарияланып, мердігер «AMT — Consulting» ЖШС ұтып алды, сомасы 104 160 000 теңге. Келісім- шарт аясында Мұратбаев 7, 9 үйлер алаңы, 1-орам алаңы, Сейфуллин көшесі 10 үй және Асатов көшесі 15 үй алаңдарына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Алғашқы ашушылар саябағын абаттандыру жұмысына сметалық құжаттамаларын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 13 716 000 теңге қаражат бөлінді. Рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып конкурс жарияланып, Мердігер «Альфа Проект Строй» ЖШС ұтып алды,
сомасы 13 344 400 теңге. Аталмыш жұмыс толық аяқталды.

Жәйрем кентінде қоршау жасау және орнату (бейіттерді қоршау) бойынша бір көзден мердігер «Perfect design» ЖШСмен 15 000 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында 2000 метр қоршау орнатылды.

Ұлытау облысы, Жәйрем кенті, М. Әуезов көшесі, 10 үй мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 46 834 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс жарияланып, мердігер «Perfect design» ЖШС ұтып алды, сомасы 37 467 200 теңге. Аталмыш жұмыс келісімшарт аясында жұмыстар толық аяқталды.

Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

М.Әуезов көшесі, 8 үйдің балкон қоршауларын орнату бойынша бір көзден мердігер «Perfect design» ЖШС-мен 7 650 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

Жылу құбырларын оқшаулау жұмыстарын орындау бойынша бір көзден мердігер «Энергоцех» ЖК-мен 13 263 392 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

7-орам жылу құбырларын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Энергоцех» ЖК-мен 13 263 392 Жәйрем кентіндегі сәндік қоршауларды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Абдикаримова» ЖК-мен 5 268 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісімшарт аясында толық атқарылды.

Ұлытау облысы, Жәйрем кенті, М. Әуезов көшесі, 8 үй мекенжайындағы бес қабатты тұрғын үйдің қасбетін ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 42 713 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс жарияланып, мердігер «Perfect design» ЖШС ұтып алды, сомасы 34 970 400 теңге. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толықтай атқарылды.

Жәйрем кентінде балалар ойын алаңын салу жұмысы бойынша бір көзден мердігер «Мансур» ЖК-мен 13 392 857 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

Асатов көшесі, 14 үй алаңын абаттандыру жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Копжасаров» ЖК-мен 15 714 300 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

Асатов көшесі, 14 үйге ШАФ (шағын архитектуралық форма) орнату жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мансур» ЖК-мен 2 321 400 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісімшарт аясында толық атқарылды.

М. Әуезов көшесі, 10 үйдің балкон қоршауларын орнату бойынша бір көзден мердігер «Perfect design» ЖШС-мен 8 500 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

КӨГАЛДАНДЫРУ

  1. Жасыл екпелерді күтіп ұстау жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 8 119 000 теңге бөлінді, баға сұрату тәсілдері мердігер – «Мариям» ЖК, ұтып алған сомасы 6 700 000 теңге. Шарт аясында 8000 дана петунья сатып алу және отырғызу, суару, гүл құмыраларын сатып алу, газон төсеу жұмыстары жүргізілді.

  2. Апаттық жағдайда тұрған ағаштарды кесу жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мариям» ЖК-мен 5 100 000 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды.

  3. Апаттық жағдайда тұрған ағаштарды кесу жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Мариям» ЖК-мен 2 615 178 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында жүргізілуде.

ЖАРЫҚТАНДЫРУ

  1. Көше жарық шамдарын күтіп ұстау және көше жарық шамдарын орнату (106 дана жарық консоль орнатылды) жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Копжасаров» ЖК-мен жалпы сомасы 28 692 900 теңгеге келісім-шарт жасалынды. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында толық атқарылды (мерзімі: жыл бойы).

  2. Жәйрем кентіндегі сыртқы электр монтаждау жұмыстары бойынша бір көзден мердігер «Копжасаров» ЖК-мен жалпы сомасы 14 017 857 теңгеге келісім-шарт жіберілді. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында жүргізілетін болады (мерзімі: қараша-желтоқсан).

ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ

  1. Жылу қазандықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жергілікті бюджеттен 26 011 000 теңге қаражат бөлінді. Ашық конкурс жарияланып, мердігер «Perfect design» ЖШС ұтып алды, сомасы 20 808 800 теңге. Аталмыш жұмыс келісім-шарт аясында жұмыстары атқарылатын болады (мерзімі: шартқа қол қойылған күннен бастап қызметті орындау мерзімі 45 күнтізбелік күн).

  2. Дизельді генератор сатып алу және орнату жұмыстары бойынша баға сұрау тәсілі арқылы конкурс жарияланған болатын. Ұтып алған мердігер – «Жәннат» ЖК, сомасы – 6 444 4444 теңге. Келісім-шарт жіберілді.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылдың 10 айында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыспен қамтылу үшін 138 адам өтініш берді, оның ішінде: кент мекемелеріне тұрақты түрде жұмысқа орналасқандар саны – 47 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 5 адам, жастар тәжірибесі шеңберінде құрылған жұмыс орындарына жіберілгендер саны – 8 адам, қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны – 41 адам.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 7 отбасы 9 адам тіркелді. Қазіргі таңда өтінім қабылдануда.

2025 жылдың 10 айында барлық мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 15 мәдени іс-шара өткізілді. Оның ішінде айтулы іс-шаралар: «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Салауатты сана» ұлттық жобалары аясында ҚХА 30 жылдығына орай «Қаражал-Жәйрем Аналар кеңесінің» ұйымдастыруымен өтетін «Ана – тәрбиенің қайнар көзі» атты Аналар форумы; Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгер ардагерлермен кездесу; 1 наурыз – «Алғыс айту – парызым!» атты мерекелік бағдарлама; 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған 10 күндігі бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар; 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлік – еліміздің тұғыры, татулық — тірегіміз» атты мерекелік бағдарлама; 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толуына орай гүл шоқтарын қою рәсімі; 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тарихи еске алу кеші; Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты акциясы аясында авто және велошеру; Жас сарбаздарды әскерге шығарып салуға арналған «Ел қорғау — ердің парызы» атты салтанатты жиын.

КЕНТ ӘКІМІ АППАРАТЫ БОЙЫНША

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген регламентіне сәйкес, есеп беру кезеңінде кент тұрғындарына 329 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • отбасы құрамы көрсетілген тұрғылықты мекенжайы туралы анықтамасы – 279;

  • пеш жағатыны туралы анықтама – 38;

  • «Е-Лицензирование» сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 4;

  • көпбалалы аналарды Мемлекеттік награда «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен наградтауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу.

Жыл басынан бастап бүгінгі күнге дейін 8 іс рәсімделіп, наградтауға ұсынылды. Бүгінгі күні кент бойынша «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқасымен 158 көпбалалы ана наградталды.

2025 жылдың 10 айында кент әкімінің атына жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны 59 құрады.

2025 жылдың үшінші тоқсанында жергілікті қауымдастықтың 9 жиналысы, 7 жиыны өтті.

Жәйрем кенті әкімі аппаратының 2025 жылы мердігерлерді сотқа берген істер бойынша ақпарат: Бітімгерлік келісім жасасқан үш іс қазіргі уақытта мемлекеттік сот орындаушылардың орындауында.

2025 жылдың соңына дейін жоспарланған жұмыстар:

  • көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу (4 үй), (жоспарланған сома — 200 млн теңге);

  • суды есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату (2180 дана), (жоспарланған сома — 180 млн теңге);

  • жылу трассасын жөндеу (жоспарланған сома — 21 млн теңге).