Өзгерістер Конституцияның 77 бабын қамтыды

Негізгі Заңға ұсынылған өзгерістер Конституцияның 77 бабын қамтыды. Бұл реформаның ауқымды әрі мазмұнды болғанын көрсетеді. Комиссия жұмысына қоғамның барлық саласының өкілдері қатысып, азаматтардың ұсыныстары ескерілгені маңызды. Отырыстардың тікелей эфирде өтуі реформаның ашық әрі әділ жүргізілгенін аңғартады. Мұндай өзгерістер халықтың мемлекет басқару ісіне сенімін арттырып, елдің демократиялық дамуына және болашақтағы тұрақты өркендеуіне берік негіз қалайды.

Манара Ерболатқызы