Заң және Тәртіп – Әділетті Қазақстанның Негізі

Құқықтық мәдениет – дамыған және әділетті қоғамның маңызды көрсеткіші. Қазақстанда халықтың құқықтық санасын кеңейту мен тереңдету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекет азаматтардың заңдарды түсінуі мен құрметтеуіне баса назар аударып, түрлі білім беру бағдарламаларын, семинарлар мен ақпараттық науқандарды іске асыруда.

Неліктен құқықтық сауаттылық маңызды?

-әр азамат өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек;

-құқықтық білім – әділеттілік пен қауіпсіздіктің кепілі; -заңды білу – жеке және қоғамдық тұрақтылықтың негізі;

Біздің әрқайсымыз заңды құрметтеу арқылы мемлекетіміздің дамуына үлес қоса аламыз! Өз құқықтарыңды біл, өзгелердің құқықтарын сыйла! Киштаев Ерлан Жанболатович, «Қаражал қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі». #Заң_мен_Тәртіп

#ЗАҢменТӘРТІП

#ҚұқықтықҚоғам