Қазақстанда азаматтар мен полиция органдары арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдету мақсатында құқық қорғау қызметтерін оңтайландыру және цифрландыру бойынша ауқымды процесс басталды. Бұл реформалар бюрократиялық кедергілерді азайтуға, мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді әрі тиімді етуге бағытталған.
Негізгі өзгерістер:
— мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – полиция көрсететін қызметтердің онлайн форматқа көшуі азаматтардың уақытын үнемдеп, кезек күту қажеттілігін жояды.
— процедураларды оңтайландыру – артық құжат айналымы қысқартылып, құқық қорғау органдарының қызметтері жылдам әрі ашық болмақ.
— азаматтармен кері байланыс – құқық қорғау саласына халықтың сенімін арттыру үшін жаңа механизмдер енгізіледі.
Бұл бастамалар елдегі «Заң және Тәртіп» қағидаттарын нығайтуға, құқықтық тәртіпті күшейтуге және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. #Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#ҚұқықтықҚоғам
Бөлім басшысы А.Бургокова.