«Заң мен Тәртіп» Бағдарламасы жүзеге асуда

Елімізде «Заң мен Тәртіп» Бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама аясында Заң талаптарын бұзбау және қатаң сақтау, тәртіпке бағыну, құқық бұзушылыққа төзбеу тәрізді жұмыстар қолға алынды. 1.2. Құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» саясаты аясында 11 миллион 134 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,3 миллионға артық. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар санының артуы құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу бойынша анағұрлым белсенді жұмыс жүргізгенін көрсетеді. Осы бағытта жүргізіліп жатқан ауқымды шаралар жалғасын табатынына және олар оң нәтижесін беретініне сенімдімін.

Мереке Жұманбаева