Заңды сақтау – теңдік пен тәртіптің кепілі

Заң мен тәртіпке бағынған ел ғана қауіпсіз қоғам, құқықтық мемлекет қалыптастыра алады. Заңды сақтау – әділеттіліктің, теңдік пен тәртіптің кепілі.
Елімізде «Заң және тәртіп» қағидатын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.
Бұл – бәріне бірдей бұлжымас қағида. Заңның сақталуы, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру –
маңызды міндет.
Дамыған қоғам жүгенсіздікке, тәртіпсіздікке, бұзақылыққа жол бермейді.
Мемлекетке, адамзатқа және балаларға қарсы қылмыс жасаған адамды заңмен белгіленген барынша қатал жаза күтеді, оларға қатысты ешқандай ақтау немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар қолданылмауы тиіс.
Заң мен тәртіп қағидаты барлық салада, әсіресе мемлекеттік органдарда үстем болуға тиіс. Жалпы, қоғам заңға бағынғанда ғана біз айтып жүрген құқықтық мемлекет қалыптаспақ. Азаматтардың заңға бағынуы олардың құқығын шектеу емес. Керісінше, тәртіпке бағынған қоғам өркениетті болады. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтып, демократияны дамыта түседі.