«Заң – бала көзімен»  сурет байқауы өтті

Заң мен тәртіп қағидасы аясында Ұлытау облысында «Заң – бала көзімен»  сурет байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет пен әділдік қағидаларын шығармашылық арқылы түсіндіру.
Қатысушылар өз жұмыстарында тәртіп, адалдық, жауапкершілік сияқты құндылықтарды бала танымымен бейнелеп, қоғамдағы заңның маңызын көрсете білді.
Аталған шара жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін нығайтуға бағытталды.