ЗАҢ АЯСЫНДА ШЕШІМІН ТАПТЫ

Су жаңа көлік алсаң да ол көліктің бұзылуы әбден мүмкін, — дейді Ұлытау облысының сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне шағымданып келген тұтынушы.
Ол Жезқазған қаласының Қытай автосалондарының бірінен автокөлік алған. Әрине, несиеге рәсімдеген. Соммасы да қомақты. Рөлде отырғаннан соң жолда түрлі оқыс оқиғалар орын алуы әбден мүмкін. Әлгі тұтынушы жаңа көлікпен жол көлік оқиғасына түсіп, көліктің бірқатар жерлерін майыстырып алады. Бірден ойланбастан сатып алған автосалонға барып, көлігін өз қаражаты есебінен жөндеуге келіседі. Себебі, аты дардай автосалонның қызмет көрсетуі де жоғары деңгейде екен деп ойлағандықтан болар. Жөндеу жұмыстары 55 000 теңгеге бағаланады.
Алайда, автосалон қызметкерлерінің немқұрайлығынан ба, әлде кәсібилігінен жетпегендігенен бе түрлі себептермен жөндеу жұмыстары созылуынан бөлек, орындалмаған жөндеу жұмыстарын атқардық деп құжат рәсімдейді. Аталған жұмыстарға келіспеген тұтынушы департаментке келіп, кеңес алады. Департамент қызметкерлері сотқа дейінгі шараларды жүргізіп, тұтынушының келіспеуіне байланысты істі сотқа жолдауға кеңес береді.
Сот тұтынушының жұмсаған толықтай қаражаты қайтарылсын деген шешім шығарады. Қазіргі таңда қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.