Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар кентіне кіреберісте тұрғындар тілегіне сәйкес көпір құрылысы жүргізіліп жатыр.
Қазіргі таңда бетон құю жұмыстары, орнын қазу жұмыстары қарқынды. Аумақта арнайы асфальт-бетон зауыты орналасқан. Жоба 2025-2026 жылдары жүзеге асырылады. Көпірдің пайдалануға берілетін уақыты – 2026 жылдың аяғы деп жоспарлануда.
Аталған жұмыстарға 30-ға жуық азамат пен 15 арнайы техника жұмылдырылған.
Көпір ұзындығы — 151 метр.
Айта кетейік, Қызылжар кентіне көктем-күз мезгілдерінде Сарысу өзенінен келетін судың салдарынан жолды шайып кету жағдайы орын алатын. Жоба – қолайсыздықтың алдын алып, мәселені шешуге бағытталған.