«31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы» құжат, шын мәнісінде орасан зор саяси және адамгершілік құндылыққа ие құжат болды. Ол репрессия жылдарында жазықсыз жапа шеккен, бірақ өршіл рухының арқасында қандай қиындықтарға да қайыспаған есіл боздақтарымызға қатысты әділдікті қалпына келтіруге жол ашты.
31 мамырда біз мыңдаған адамдардың, тұтас халықтардың тағдырын тауқыметке салған тоталитарлық жүйе құрбандарын еске алып, тағзым етеміз.
Талай арыстардың өмірін жалмаған зауал заманның сұмдығын аймақ тұрғындарының бүгінгі буыны жақсы біледі. Себебі, еліміздің аумағында саяси тұтқындар қамалған орындар аз болмады.
Бірақ, бақытымызға орай, репрессия жылдары келмеске кетіп, заңсыздық заманы біздің жерімізде ешқашан қайталанбайды.
Бүгінде Қазақстан халқы бейбіт өмір кешуде. Алдымызда ата-бабамызға арман болған дамыған, өсіп-өркендеген құқықтық мемлекет құру мақсаты тұр. Біздің буынымыз, балаларымыз бен немерелеріміз осы арманды жүзеге асырып келеді. Қазақстан әлемдік аренада лайықты орны бар демократиялық мемлекетке айналатынына сенімдіміз.
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
Қаражал қалалық
мәслихатының төрағасы.