Білім күні және жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
1 қыркүйек – бұл ұстаздардың шығармашылық жұмыстарының жаңа кезеңінің басталуы, оқушылардың қоғамдағы өмір мен ғылыми заңдарға қол жеткізуі, қызықты әлемнің ашылуы мен танылуына мол үлесін қосатын кезең болып табылады. Жоғары оқу орындарында, колледждерде, мектепте оқуларын жалғастыратын немесе мектеп табалдырығын тұңғыш аттағалы тұрған бүлдіршіндер үшін асыға күткен күндері – бұл Алғашқы қоңырау мерекесі.
Құрметті ұстаздар, бұл күні Сіздерге шынайы сезіммен алғыс айтамыз. Өз еңбектеріңізбен Сіздер аймақтың білім саласының жалғасуына және одан әрі дамуына айтарлықтай үлес қосасыздар. Сіздердің оқушыларыңыздың әр жетістігі – бұл Сіздердің жеке жеңістеріңіз.
Осы Білім күні оқушылар, ұстаздар және тәлімгерлер үшін үлкен үміт күні болмақ. Бақытты болыңыздар, денсаулық пен шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Тілектес ДОСАЕВ,
Қаражал қаласының әкімі.
Зәмзагүл ОСПАНОВА,
қалалық мәслихат хатшысы.