ULYTAU GO ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ ӨТТІ


29 шілде жазғы лагердің бірінші күні басталды. Жастар лагеріне облысымыздың әр өңірінен іріктелген 50-ден аса жас қатысуда.
Жазғы лагердің бірінші күні журналист, тележүргізуші, медиатренер, оратор, «Шапағат» және «Алтын жұлдыз» төс белгісінің иегері — Санди Султан, мобилограф, zhakifilms компаниясының негізін қалаушы — Азамат Жақиянов жастармен семинар-тренингтер өткізді.
Жазғы лагердің бағдарламасына сәйкес одан әрі жастарға арналған спортық сайыстар, топтық ойындар, квест, квиз ұйымдастырылатын болады. Лагерьдің соңғы күнін «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне экскурсиямен аяқтау жоспарлануда.