Тілектес Темірбекұлы Досаев – 28 тамыз 2023 жылдан бастап Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.
Тілектес Темірбекұлы 1974 жылы Павлодар облысы, Май ауданында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2000 жылдан бастап Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында түрлі қызметтерді атқарды;
2007 жылдан бастап Қарағанды облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру – инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
2009 жылдан бастап Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары;
2011 жылдан бастап Приозерск қаласы әкімінің орынбасары.
2013 жылдан бастап Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің басшысы;
2014 жылдан бастап Қарағанды облысының құрылыс басқарма басшысының орынбасары;
2015 жылдан бастап Қарағанды облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.
2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қаражал қаласының әкімі қызметін атқарды.