Қаражал қаласы әкімдігінің мәжіліс залында сегізінші шақырылған Қаражал қалалық мәслихатының кезекті ХХХ сессиясы болып өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, қала әкімі Айқын Елеусізов, қала әкімінің орынбасарлары, Шалғы кентінің әкімі, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Ибикенов, Қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 2024 жылғы қала бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту, 2024 жылғы Жәйрем және Шалғы кенттері бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру. Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету, елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағдарламасының орындалу барысы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММнің атқарған жұмыстары туралы есебі» шешімінің орындалуы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММнің атқарған жұмыстары туралы есебі» шешімінің орындалуы, Қаражал қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы «Қаражал қаласының жер қатынаста ры, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-нің атқарған жұмыстары туралы есебі» шешімінің орындалуы, Қаражал қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы ХІ сессиясының № 118 «Қаражал қаласының учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары, қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы туралы сұрақтар қаралды.
Алғашқы сөзді Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Аманқазы Наукенов алып, 2024 жылғы Қаражал қаласы бюджетінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы баяндамасын жасады.
Әрі қарай, Жәйрем кенті әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері Гүлден Хамзина, Шалғы кентінің әкімі Азамат Кәдірсізов 2024 жылғы Жәйрем және Шалғы кенттері бюджеттерінің орындалуы туралы есепті бекіту туралы баяндамасын жеткізсе, Ұлытау облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ермек Ибикенов атқарушы органның есебіне қорытынды есептерін берді.
Өз кезегінде сөз алған Қаражал қалалық мәслихат аппаратының басшысы Жанат Сатанов Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылдың ІІ жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ержан Бейсембаев, қалалық мәслихаттың бюджет және экономика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Айгүл Мәуленина, Қаражал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Мамбетов баяндамаларын жасап, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сессия соңында қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының редакциялық комиссиясы сайланды. Қозғалған, тыңдалған, баяндалған барлық мәселелер бойынша қойылған сұрақ-жауаптар назардан тыс қалмай, айтылған ескертулер мен қозғалған ұсыныстарды есепке ала отырып, белгіленген мерзімде жүзеге асатынына сенеміз.
Гауһар НАУРЫЗБАЕВА,
Қаражал қалалық мәслихаттың депутаты.