ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Берік ƏБДІҒАЛИҰЛЫ Қаражал қалалық мəслихаты депутаттары жəне қалалық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өткізіп, оның барысында жалпыхалықтық референдум мəселесі сөз болды. Кездесуге қала əкімі Тілектес ДОСАЕВ пен мəслихат хатшысы Зəмзагүл ОСПАНОВА қатысты.
Өңірге қоғамдық ой-пікірлерді таразылап, маңызды сауалдарға жауап беру мақсатында атбасын бұрған Парламент өкілі Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің маңызды тұстарын екшеп берді.
— Халықтың таңдауы дұрыс шешім екенін көрсетуіміз қажет. Өзгеріс енгізудің өзектілігін дəлелдеуіміз керек. Алпауыт мемлекеттер қатарына қосылып келе жатырмыз. Жаңа Қазақстанның құрылуына өзіміз дəнекер болғанымыз жөн, – деген Берік Əбдіғалиұлы қатысушыларды ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамауға шақырды. Бұл бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей əсер ететін маңызды сəт екендігін қадап айтты.
Өз кезегінде Тілектес Темірбекұлы өңірде атқарылып жатқан жұмыстарға шолу жасап, тұрғындар көкейіндегі сауалдарды ортаға салды.
Жазира СЕЙДҒАБИҚЫЗЫ