Тазалық – тұрақтылықтың бастауы

Қоршаған ортаның тазалығы – елдің мәдениеті мен санасының айнасы. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бүгінде қоғамның ортақ ісіне айналып, табиғатты аялаудың, ұқыпты өмір салтын қалыптастырудың нақты үлгісін көрсетіп отыр. Тазалық тек аумақты жинау емес, ол – әр азаматтың жауапкершілігі мен өмірлік ұстанымының көрсеткіші.

Қала мен ауыл көшелерінің, аулалар мен саябақтардың, өзен-көл маңдарының тазалығы – тұрақтылық пен өркениеттіліктің бастауы. Себебі қоршаған ортаға құрметпен қарау арқылы біз болашақ ұрпақтың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне жағдай жасаймыз.

Бүгінгі таңда ел өңірлерінде өткізілетін сенбіліктер, экологиялық акциялар мен еріктілер қозғалысы тұрғындардың экосанасын арттырып, табиғатқа жанашыр көзқарас қалыптастыруда. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы қоғамның экологиялық мәдениетінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Табиғатты қорғау – уақытша шара емес, тұрақты өмір салтына айналуы қажет. Әр шаңырақтың, әр ұжымның тазалыққа қосқан үлесі ел дамуының, ұлттық тұрақтылықтың негізін қалайды.

Тазалық бар жерде береке орнайды. Ал береке бар жерде – тұрақтылық пен өркендеу бар.

 

Жуманбаева Мереке Рахимбаевна

Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы