«Тазалық – өркениетті қоғамның айнасы»

Тазалық – өркениетті қоғамның мәдениеті мен тәртібін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Қоғамдық орындардың, көшелер мен аулалардың таза болуы тұрғындардың өмір сүру сапасына, денсаулығына және қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан тазалықты сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті және қоғам алдындағы жауапкершілігі.

Бүгінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында ел көлемінде тазалық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл бастама тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және ортақ жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Тазалық – тек айналаны жинау ғана емес, ол қоғамдық мәдениеттің, саналы көзқарастың және тәртіпке деген құрметтің көрінісі. Әр адам өзінен бастап, өз ауласын, көшесін, жұмыс орнын таза ұстауға мән берген жағдайда ғана қоғамда тазалық мәдениеті орнығады.

Өркениетті қоғамның айнасы – оның тазалығы мен тәртібі. Сондықтан тазалықты сақтау – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Ергалиева Дильназ

Қаражал қаласының Жастар ресурстық орталығының психолог маманы