Тазалық – әр азаматтың ортақ міндеті

Тазалық – өркениетті қоғамның басты көрсеткіштерінің бірі. Қоршаған ортаның таза болуы адамдардың денсаулығына, өмір сүру сапасына және жалпы қоғамдық мәдениет деңгейіне тікелей әсер етеді. Көшелердің, аулалардың, қоғамдық орындардың таза әрі жинақы болуы – тұрғындардың өз қаласына, туған жеріне деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің айғағы.

Бүгінде тазалық мәселесі әрбір азаматтың назарында болуы тиіс. Тазалықты сақтау тек коммуналдық қызметтердің немесе арнайы мекемелердің ғана жұмысы емес, бұл – барша қоғамға ортақ міндет. Әр адам өз үйінің ауласын, жұмыс орнын, көшесін таза ұстауға жауапкершілікпен қараса, өңірдің көркі де арта түседі.

Қоғамдық орындарда қоқысты белгіленген жерге тастау, тазалық талаптарын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау – мәдениетті қоғамның белгісі. Осындай қарапайым әрекеттер арқылы әр азамат ортақ іске өз үлесін қоса алады. Тазалыққа бейжай қарамау – туған жерге деген құрметтің көрінісі.

Таза орта – тұрғындардың жайлы өмір сүруіне, денсаулығын сақтауға және жастар арасында тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан тазалықты сақтау әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет.

Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ құндылық. Осы бағыттағы жұмыстарға белсенді атсалысу, қоғамдық орындарды таза ұстау және тазалық мәдениетін насихаттау – қоғамның дамуына қосылған маңызды үлес.

Мухидинова Жазира Сейдғабиқызы
«Қазыналы өңір» газеті редакциясы ЖШС тілшісі