Табиғаттың тазалығы – елдің мәдениеті мен санасының көрінісі.
Адам мен қоршаған ортаның үйлесімі сақталған жерде тұрақтылық, береке және өмір сапасы артады. Осы мақсатта елімізде жүзеге асып келе жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы экологиялық жауапкершілікті арттырудың нақты қадамына айналды.
Таза табиғат – ұлттың болашағына деген қамқорлық.
Жер, су, ауа – тіршіліктің үш өзегі. Оларды сақтау – бүгінгі ұрпақтың ертеңгі амандығының кепілі. Сондықтан табиғатты аялау, қоқысты азайту, жасыл белдеулерді көбейту сияқты шаралар әр азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы қажет.
Қоғамның экологиялық мәдениеті артып, табиғатқа деген көзқарас өзгерген сайын елдің даму бағыты да жаңаша сипат алады.
Таза орта, сау орта – мықты ұлттың негізі.
Мәңгілік ел болудың мәні – табиғатқа жанашыр болуда.
Таза табиғат – берекелі өмірдің бастауы.
Жуманбаева Мереке Рахимбаевна
Қаражал қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы