Қазақстанда экологиялық мәдениетті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соның айқын көрінісі – бүкіл ел аумағында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы.
Бұл бастама халықты табиғатқа жанашырлықпен қарауға шақырып, елді мекендерді тазалау мен абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізуге жол ашты. Қалалар мен ауылдарда сенбіліктер ұйымдастырылып, ағаш отырғызу, жасыл аймақтарды кеңейту және тұрмыстық қалдықтарды реттеу шаралары қолға алынуда.
Акцияға мемлекеттік органдармен бірге еріктілер мен тұрғындардың белсенді атсалысуы – қоғамның экологиялық жауапкершілігінің артып келе жатқанын көрсетеді.
Таза орта – әрбір азаматтың денсаулығы мен болашақ ұрпаққа қалдырар аманаты.
Сагинтаева Гульнар Сапаровна
Қаражал қаласының Мансап орталығының директоры