Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен азаматтардың санасындағы тазалық пен жауапкершілікке байланысты. «Таза ой, таза орта, таза болашақ» ұстанымы – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, өркениетті қоғам құрудың басты қағидаты.
Тазалық – тек қоршаған ортаны күтіп ұстау емес, ол адам бойындағы мәдениет пен сана деңгейінің айнасы. Табиғатты аялау, тұрмыста ұқыптылық таныту, ортаға қамқорлық көрсету – барлығы ел ертеңіне деген жанашырлықтан бастау алады.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміз бойынша кең қолдау тауып, қоғамды ортақ мақсатқа жұмылдырып отыр. Бұл бастама – әр азаматтың экологиялық мәдениетін арттырып, табиғатқа деген жауапкершілігін күшейтудің тиімді жолы.
Таза орта – адам денсаулығы мен өмір сапасының кепілі. Ал таза ой – елдің жаңаруына, ұлттық сана мен рухани кемелдікке бастайтын жол. Осы екі ұғымның үндестігі ғана болашақтың жарқын бейнесін қалыптастырады.
Таза ойдан басталған іс – таза орта мен таза болашаққа жол ашады.
Ким Артем Сергеевич
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты,
Дзюдо күресінен спорт шебері
