Таза мекен – берекелі өмірдің бастауы

Қоршаған ортаның тазалығы – ел игілігі мен ұлт болашағының айқын көрінісі. Табиғатты аялау, туған жердің әр көшесін, әр бұрышын таза ұстау – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін басты өлшем. «Таза Қазақстан» акциясы осы мақсатта халықты бірлікке, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Бүгінде ел аумағында тазалық пен көркейту шаралары кеңінен жүргізілуде. Азаматтардың белсенділігі мен ұйымшылдығының арқасында елді мекендердің келбеті жақсарып, қоршаған ортаға деген жауапкершілік артып келеді.

Таза қоршаған орта – сапалы өмірдің кепілі. Әр адам өз үйі мен айналасының тазалығына үлес қосқанда ғана экологиялық мәдениет орнығады. Бұл – жай сенбілік емес, саналы көзқарас пен ұлт болашағына деген қамқорлықтың белгісі.

Туған жердің табиғатын қорғау – келер ұрпақ алдындағы қасиетті парыз. Таза мекен – елдің еңсесін көтеріп, берекелі өмірдің бастауы болмақ.

Оспанова Замзагуль Кажмукановна

Қаражал қалалық мәслихатының төрағасы