Таза Қазақстан – өркениетті қоғамның өлшемі

Табиғатқа құрмет – өркениетті елдің басты белгісі. «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаны сақтаудың бір реттік шарасы ғана емес, бұл – қоғам санасын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді қозғалыс. Оның аясында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді кеңінен енгізу, жасыл аймақтарды көбейту, өзен-көлдердің тазалығын сақтау сияқты кешенді жұмыстар жүргізіледі. Мұндай қадамдар тек табиғатты қорғау мақсатында ғана емес, сонымен бірге тұрғындардың өмір сапасын арттыру, денсаулықты сақтау және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін де маңызды.
Экологиялық жауапкершілік – әр азаматтың күнделікті дағдысына айналғанда ғана «Таза Қазақстан» идеясы толық жүзеге асады. Бұл бағытта мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың бірлескен еңбегі, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы экологиялық білім беру, сондай-ақ кәсіпорындардың өндірістік мәдениетін жаңғырту ерекше рөл атқарады. Таза орта – болашақ ұрпаққа қалдыратын ең қымбат мұрамыз, ал оны сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз.

Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі
КММ директоры