Қазіргі таңда экологиялық ахуал мен қоршаған ортаны сақтау мәселесі ел дамуының стратегиялық басым бағыттарының біріне айналды. Осы орайда елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы – табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған маңызды қадам.
Акция қоғамның барлық саласын қамтып, экологиялық тәртіпті нығайту мен халықтың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуді мақсат етеді. Бұл бастама әрбір азаматты өз ортасына жауапкершілікпен қарауға, тазалық пен ұқыптылықты өмір салтына айналдыруға үндейді.
«Таза Қазақстан» – тек экологиялық жоба емес, ұлттық сана мен мәдениетті жаңғыртудың, қоғамның өркениеттік деңгейін көтерудің көрінісі. Тазалық пен тәртіп – қоғамның айнасы, елдің еңсесін айқындайтын басты құндылықтардың бірі.
Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар өткізіліп, тұрғындар өз аумағының тазалығына үлес қосуда. Бұл – экологиялық жауапкершіліктің нақты көрінісі әрі ел болашағына жасалған қамқорлық.
Құрмансейтіов Жалғасқан Ахатұлы
«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті»
ЖШС директоры
