Таза Қазақстан – өмір сапасын арттырудың жолы

Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғи ресурстардың сақталуы – қоғамның даму деңгейін айқындайтын негізгі өлшемдердің бірі. «Таза Қазақстан» бастамасы – экологиялық жағдайды жақсартуға, халықтың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.

Бұл жоба тек қоқыс жинау немесе сенбіліктер өткізумен шектелмейді. Оның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық санасын қалыптастыру, тұрмыстық мәдениетті арттыру және жасыл аймақтарды көбейту. Әрбір адамның тазалыққа деген жауапкершілігі өз үйінен, өз көшесінен басталса, ол бүкіл елдің келешегіне оң әсер етеді.

Таза орта – денсаулық кепілі. Қоршаған ортаны қорғау арқылы біз тек табиғатты ғана емес, болашақ ұрпақтың өмірін де сақтап қаламыз. Жасыл аймақтар көбейген сайын ауа сапасы жақсарып, халықтың өмір сүру деңгейі арта түсетіні сөзсіз.

«Таза Қазақстан» – бұл тек экологиялық бастама ғана емес, ол еліміздің тұрақты дамуына, қоғамның салауатты өмір салтын ұстануына жасалған нақты қадам.

 

Иманбекова Акмарал Елибаевна

«AMANAT» партиясының «Мәдениет»

БПҰ төрағасы