Қоршаған ортаның тазалығы – әрбір азаматтың өмір сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіш. Қазақ халқы ежелден табиғатты құрметтеп, жер мен суды қастерлеген. Бүгінде бұл дәстүр жалғасын тауып, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізгі бөлігіне айналды.
«Таза Қазақстан» акциясы – тек қана тазалық жұмыстары емес, ол қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін күшейтетін маңызды бастама. Көшелерді қоқыстан тазарту, аула мен қоғамдық орындарды ретке келтіру – әрбір тұрғынның ортақ ісі.
Күз мезгілінде қала мен ауыл аумақтарындағы тұрмыстық қалдықтарды жинау, қураған ағаш бұтақтарын шығару, жапырақтарды ретке келтіру – акцияның басты бағыты болып отыр. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Таза Қазақстан – бұл бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек буынның игілігі үшін жасалатын игі іс. Ол ұлттық құндылықтарымыздың ажырамас бөлігі болып қала бермек.
Ким Артем Сергеевич
Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты
Дзюдо күресінен спорт шебері