Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – Қазақстанның тұрақты дамуының негізгі басымдықтарының бірі. Мемлекет үшін табиғи байлықтарды сақтау мен оларды ұтымды пайдалану экономикалық өсім мен халықтың өмір сапасын арттырудың маңызды тетігі болып табылады.
«Таза Қазақстан» бастамасы – елдің экологиялық саясатының құрамдас бөлігі. Оның мақсаты – табиғатты аялауды қоғамдық сананың жаңа нормасына айналдыру, қалдықтарды басқарудың заманауи әдістерін енгізу, жасыл аймақтарды кеңейту және ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстар мемлекет, азаматтық қоғам және бизнес өкілдерінің ортақ күш-жігерін талап етеді.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек табиғатты қорғау шараларымен шектелмейді. Ол халықтың денсаулығы, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық өркендеудің тікелей алғышарты. Сондықтан «Таза Қазақстан» қағидаларын жүзеге асыру ұлттық қауіпсіздік пен ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды бөлігіне айналып отыр.
Қазақстанның жасыл даму жолындағы ұстанымы халықаралық бастамалармен де сабақтасып жатыр. Бұл еліміздің жаһандық экологиялық күн тәртібіне белсенді үлес қосып келе жатқанын көрсетеді.
Таза табиғи орта – келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікті орындау арқылы Қазақстан экологиялық өркениетке қадам жасап, өркенді ел ретінде дамуын жалғастырады.
Бойцун Вера Викторовна
Құқық қорғау органдарының ардагері