Тазалық – әрбір қоғамның дамуы мен тұрмыстың көркі. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы тек қоқыс жинаумен шектелмей, адамдарды өз ауласын, көшелерді және қоғамдық орындарды таза ұстауға ынталандыратын маңызды бастама болып табылады.
Акцияға қатысу арқылы тұрғындар қарапайым, бірақ маңызды іс-әрекеттер арқылы ортақ жауапкершілікті сезінеді. Әрбір тазаланған көше, жөнделген аулалық орын немесе жинақы қоғамдық кеңістік – қоғамдағы тәртіп пен мәдениеттің белгісі.
Жастар мен еріктілер белсенді қатысып, тұрғындар арасында тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастырады. Осындай кішкентай, бірақ жүйелі әрекеттер арқылы біз өз қаламызды жайлы, әдемі және таза ете аламыз.
«Таза Қазақстан» – әр азаматтың үлесі арқылы жасалатын, қоғам игілігіне бағытталған іс.
Тажитова Алтын Зарубаевна
Қаражал қаласының білім бөлімінің әдіскері