Қоршаған ортаның тазалығы – мемлекет дамуы мен қоғам өркениетінің басты көрсеткіші. «Таза Қазақстан» бастамасы тек бір реттік акция емес, ол – елдің экологиялық саясатын нығайтып, әр азаматтың санасына табиғатты аялау жауапкершілігін сіңіретін ұзақ мерзімді үрдіс.
Тазалық – адамның жеке мәдениетінің өлшемі. Қоқысты бей-берекет тастамау, тұрмыстық қалдықтарды азайту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – күнделікті ұсақ әрекеттер болғанымен, олардың нәтижесі ұлттың болашағына тікелей ықпал етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экологияға жанашыр көзқарас танытқан мемлекеттер ғана тұрақты дамуға қол жеткізеді.
«Таза Қазақстан» – жасыл экономикаға бастар маңызды қадам. Балаларға экологиялық тәрбие беру, қоғамда табиғатқа қамқорлық мәдениетін қалыптастыру және әр өңірде нақты экологиялық жобаларды жүзеге асыру – осы бастаманың өзегін құрайды.
Бүгінгі біздің әрекетіміз – ертеңгі Қазақстанның келбеті. Сондықтан «Таза Қазақстан» – тек ұран емес, болашаққа аманат.
Байшукенова Тлеухор Жанжумановна
Қаражал қаласының орталықтандырылған кітапахана жүйесі
КММ директоры
