Қоршаған ортаны қорғау – мемлекет саясатының маңызды басымдықтарының бірі. Осы орайда қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы табиғи ортаны сақтауға, экожүйенің тепе-теңдігін қорғауға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған кешенді іс-шара болып табылады.
Акция аясында атмосфералық ауаны ластаушы факторларды азайту, тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, су айдындарының тазалығын сақтау және көгалдандыру жұмыстарын кең көлемде жүргізу қарастырылған. Сонымен қатар, қоғамда экологиялық сананы қалыптастыру, әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігін күшейту негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
«Таза Қазақстан» бастамасы – тек сенбілік форматындағы тазалық жұмыстары емес, ол елдің орнықты дамуына, жасыл экономикаға көшуіне және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тікелей ықпал ететін жүйелі қадам. Бұл акция мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және барлық деңгейдегі азаматтардың ортақ күш-жігерін біріктіретін маңызды алаң ретінде бағаланады.
Тажитова Алтын Зарубаевна
Қаражал қаласының білім бөлімінің әдіскері