«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы – азаматтық жауапкершілікті арттыру құралы

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – қазіргі замандағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық басым бағыттарының бірі. Қоршаған ортаны қорғау мәселесі тек табиғи ресурстарды сақтау емес, сонымен қатар халықтың өмір сапасын арттырудың, тұрақты дамуды қамтамасыз етудің маңызды алғышарты болып табылады.

Осы тұрғыда елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мәні ерекше. Аталған акция – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілікті арттыруға, сондай-ақ жергілікті деңгейде қоғам мен мемлекеттік құрылымдардың өзара ықпалдастығын нығайтуға бағытталған кешенді іс-шара.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тұрмыстық қоқысты жинау басты назарда болады. Акция барысында қоғамдық орындар, саябақтар, көшелер мен алаңдар тазаланады. Бұл шара тек қана қоқысты жинаумен шектелмей, азаматтарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға, қоғамдағы экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

«Таза Қазақстан» акциясына қатысу – әрбір азаматтың мемлекет пен қоғам алдындағы парызы. Табиғатты аялау мәдениеті кеңінен қалыптасқанда ғана еліміз тұрақты дамудың жаңа сапалы кезеңіне қадам баса алады.

 

Құрмансейтіов Жалғасқан Ахатұлы

«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті

ЖШС директоры