Елімізде экологиялық сана мен қоғамның табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жүйелі шаралардың бірі – «Таза Қазақстан» республикалық акциясы. Бұл бастама әрбір азаматтың туған жеріне деген қамқорлығын нақты іспен дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Акция аясында қоғамдық орындарды тазалау, тұрмыстық қалдықтарды жинау, жасыл аймақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жастар мен еріктілердің қатысуымен экологиялық мәдениетті насихаттайтын ақпараттық шаралар өткізіліп, жергілікті қауымдастықтар табиғатты қорғау ісіне белсенді түрде тартылуда.
«Таза Қазақстан» – тек бір реттік шара емес, ол қоршаған ортаны сақтау мен қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған тұрақты үдеріс. Бұл бастама арқылы мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі артып, болашақ ұрпаққа қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға нақты үлес қосылуда.
Құрмансейітов Жалғасқан Ахатұлы
«Қазыналы өңір» Өңірлік газеті
ЖШС директоры