Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісін қолдана отырып, электр энергиясын берудің реттеліп көрсетілетін қызметіне 2024-2029 жылдарға арналған тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ -ның түскен өтінімі бойынша жария тындаулар өткізеді.
Жария тындау 2024 жылы 24 мамырда сағат 15.00 -де Жезқазған қаласы, Ғарышкерлер бульвары, 35 үй, «AMANAT» партиясы» ҚБФ ғимараты, 3 қабат мекенжайында өтеді.
Сонымен қатар, қоғамдық тыңдау Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында онлайн режимде қатар таратылатын болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6).
Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Жария тыңдауларға қатысушылар тарифтің және тарифтік сметаның жобасы туралы, сондай-ақ экономикалық негізделген есептеулермен тарифтің өзгеру себептері туралы ақпаратты бекітуге «Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ табиғи монополия субъектісінен сұрауға құқылы.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76-02-47.
«Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы» АҚ байланыс телефоны: тел.:
8 (7102) 76 32 25