Тағы бір зауыт ашылды

Осыдан бірер апта бұрын ғана Жезқазғанда жаңадан асфальт-бетон зауытының ашылғаны жайлы жарыса жазған едік. Осындай тағы бір зауыт Жаңаарқа ауданында да ашылып отыр.

Бүгінде, Жаңаарқа кентінде сағатына 130, жылына 60-70 мың тонна өнім беретін асфальт-бетон зауыты жұмысын бастады. Жаңаарқа ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы осы зауыттың да жұмыс барысымен танысты.
Бұл нысанның бір ерекшелігі, сағатына 100 тонна қиыршық тастар да өндіреді. Қазіргі уақытта кәсіпорын өзіміздің және көрші облыстың сұранысы бойынша қызмет көрсетуді бастап кетті. Зауытта 20 адам жұмыс істеуде.
Облыс әкімінің жұмыс сапары барысында «Қаражал-Атасу» бағытындағы жол құрылысы жұмысы аталған зауыт өнімімен жүргізіліп жатқандығы айтылды. Жауапты мердігер – «Арқа Құрылыс» ЖШС.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.