Тұрмыстық газ (пропан) – өрт немесе жарылыстың пайда болуына маңызды қауіп-қатер тудыратыны барлығымызға мәлім. Газды қолданумен байланысты өрттердің баршасы баллондарды немесе газ плиталарды дұрыс емес пайдаланғандықтан туындайды. Сондықтан, пәтерлерде газ плиталар мен баллондарды дұрыс пайдалану үшін жауапкершілік үй иелеріне жүктеледі. Газ баллондарын орнату және газ плиталарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің мына ережелерін қатаң сақтау керек.
Газ баллонын сатып алғанның өзінде, газ баллоны клапанының өткізбеушілігі мен тығыздауыш резеңке сақинасының жағдайы тексерілуі керек. Сондай-ақ, газ баллонының пісірілген жерлерінің тұтастығын көзбен шолып тексеру керек.
Газ баллонына плита редукторын орнатқаннан кейін редуктор клапанын ашу қажет. Сонымен бірге, плитаның шүмектері жабық қалпында болуы тиіс.
Осыдан кейін сабынның көпіршігі көмегімен газ баллоны мен плитаның резеңке майтүтігі жалғасқан жерде редуктордың өткізбеушілігін (герметикалығын) тексеру керек. Жалғасқан жерде саңылаулар болса, сабынды көбікте көпіршіктер пайда болады.
Осы жағдайда редуктордың жағдайын тексеріп, баллонның тығыздағыш резеңке сақинасының тұтастығына тағы бір рет көз жеткізу қажет. Кез келген жағдайда жалғасқан жерлерде өткізушілік болғанда газ плитасымен қолдануға тыйым салынады.
Сондай-ақ, резеңке түтіктің тұтастығын көзбен шолып тексеру қажет. Редуктордың өткізбеушілігін тексеру үшін ашық отты қолдануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Дәл осылай газ плитасындағы газ түтіктерінің өткізбеушілігін кей-кейде тексеру қажет.
Газ плитасымен қолданған кезде:
-
жалғасқан жерлердің өткізбеушілігін тексерусіз газ плитасын қолдануға;
-
газ плитасын қараусыз қалдыруға;
-
балаларға плитамен қолдануға;
-
плитада жанғыш сұйықтықтарды жылытуға тыйым салынады.
Егер сіз болмай қалғанда, плитадағы от сөніп қалса, сақ болыңыз, темірпеш қақпағында тағамның қайнағандығынан газ баллоннан бөлмеге шығып кетуі мүмкін екендігін есте сақтаңыздар.
Бөлмеде газды-ауалы қоспа пайда болуы мүмкін, осы жағдайда кез келген от немесе ұшқын өртке әкеп соқтыруы мүмкін.
Газ баллонының тұтануы пайда болған кезде тыныштық сақтау керек және газ баллонының жарылысы тек баллонға сырттан түскен жоғары температура әсерінен ғана болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар.
Тұтануды өшіру үшін баллонды дымқыл матамен нықтап жабу керек. Тап осы жағдайда баллонды сумен сөндіру ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.
Егер баллонды өшіре алмасаңыздар, онда багордың немесе сол сияқты заттың көмегімен жанып жатқан баллонды пәтерден шығару керек. 101 телефоны бойынша өрт қызметін шақыру қажет.
Тұрмыстық газды дұрыс емес пайдалану өрттерге, күйіктерге және т.б. салдарға әкеп соқтыруы мүмкін екендігін естеріңізге саламыз. Өзіңізді өрттің қауіп-қатеріне душар етпеңіз. Әрдайым өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтаңыздар.
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне хабарласыңыздар.
Ануар ЕРҒАЗИЕВ,
Қаражал қаласы ТЖб аға анықтаушысы.
